Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № А-5/201 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 маусымда № 4818 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № А-7/280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.06.2016 № А-7/280 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес, "2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-2 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 болып тіркелген) шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, шипажайларға, емдеу-сауықтыру орнына жолдама ұсыну түрінде көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады