РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабындағы 6) тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № А-3/89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесіндегі:
реттік саны 5-ші, 12-жолдары алынып тасталсын;
реттік саны 10-жолының 3-бағанындағы "саз және сазды жыныстар (сазды тақта тастар)" сөздері "атқылаудан кейінгі жыныстар" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |