Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № А-3/89 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № А-6/246 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 маусымда № 4822 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № А-13/583 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.12.2016 № А-13/583 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабындағы 6) тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № А-3/89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесіндегі:
      реттік саны 5-ші, 12-жолдары алынып тасталсын;
      реттік саны 10-жолының 3-бағанындағы "саз және сазды жыныстар (сазды тақта тастар)" сөздері "атқылаудан кейінгі жыныстар" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады