Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 26.06.2015 № а-6/246 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № а-7/286 қаулысына (№ 4329 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 04 қыркүйегінде «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Ә.Аманқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласы
әкімінің м.а. Ә.Күмпекеев
Степногорск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 04.02. № а-1/52
қаулысына қосымша
Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері және негізгі мөлшерлемесі
Негізгі мөлшерме |
1,5 айлық есептік көрсеткіш |
№ р/т |
Коэффициенттердің түрлері |
Коэффициенттің мөлшері |
1 |
Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт): |
|
1.1. кеңселік, әкімшілік, қоғамдық |
1,0 |
|
1.2. ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік |
0,8 |
|
1.3. қоймалық, гараждық, қазандық |
0,7 |
|
2 |
Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк) |
|
2.1. ғимарат немесе ғимараттағы жай, қоғамдық көлік тұрақтары, көшелік жарықтар тірегі |
1,2 |
|
2.2. жалғастыра салынған бөлігі |
0,9 |
|
2.3. цоколдық (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 |
|
2.4. жертөле бөлігі, төбесі |
0,6 |
|
3 |
Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд) |
|
3.1. барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуаты, канализация) қандай да коммуникация түрі болмаған жағдайда әр түрге 0,5 азаяды |
2,0 |
|
4 |
Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр) |
|
4.1 Степногорск қаласы |
0,9 |
|
4.2 Заводской кенті |
0,5 |
|
4.3 Ақсу кенті |
0,5 |
|
4.4 Бестөбе кенті |
0,5 |
|
4.5 Шаңтөбе кенті |
0,1 |
|
4.6 Қарабұлақ ауылы |
0,5 |
|
4.7 Изобильный ауылы |
0,5 |
|
4.8 Қырық-құдық ауылы |
0,5 |
|
4.9 Бөгенбай ауылдық округі |
0,5 |
|
5 |
Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт); |
|
5.1 брокерлік қызмет және кеден қызметін көрсету, банктер, ломбардтар, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды конторлар, адвокаттық конторлар, зергерлік шеберханалар үшін |
3,0 |
|
5.2 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерімен айналысатын ұйымдастыру үшін |
1,5 |
|
5.3 облыста қызметтерді ұйымдастыруға арналған: |
1,1 0,9 0,8 |
|
5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін |
1,0 |
|
5.5 бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік білім беруде жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін, және оқу орындарының жатақханалары |
0,5 |
|
5.6 мемлекеттік мекемелер орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін |
0,9 |
|
5.7 жарғылық қызметті іске асыратын ғимараттарда, осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) мемлекеттік заңды тұлғалардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін |
1,2 |
|
5.8 жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру үшін |
0,5 |
|
5.9 пошта қызметі саласындағы қызметтерді ұсыну үшін |
1,0 |
|
5.10 басқалар үшін |
1,5 |
|
6 |
Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн): |
|
6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін (үкіметтік емес ұйымдардан басқа) |
0,5 |
|
6.2 үкіметтік емес ұйымдар үшін |
0,2 |
|
6.3 басқалар үшін |
1,0 |