Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тіртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 4742 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 48/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 48/4 (қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясынын төрайымы                       И.Слободянюк

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов
      2015 жылғы 27 наурыз

Аршалы аудандық мәслихатының 
2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/10
шешіміне қосымша      

Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аршалы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ақмола облысы Аршалы ауданы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік аймақтық кәсіпорынының филиалы немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      3. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      4. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындалды.
      6. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.
      8. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi кондоминиум объектісі отбасыларға (азаматтарға) ортақ мүлкін ұстауға жұмсалады, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне 15 пайыз көлемінде белгіленеді.
      9. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      10. Электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.
      11. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 27 марта 2015 года № 40/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 9 апреля 2015 года № 4742. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 15 января 2016 года № 48/4

      Сноска. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 15.01.2016 № 48/4 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314, «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства», Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе согласно приложению.
      2. Настоящее решение вступает в действие со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        И.Слободянюк

      Секретарь
      районного маслихата                        Ю.Сериков

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Аршалынского района                   Ж.Нуркенов
      27 марта 2015 года

Приложение к решению      
Аршалынского районного маслихата
от 27 марта 2015 года № 40/10

Порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе

1. Порядок назначения жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Аршалынском районе.
      2. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение и выплату жилищной помощи, согласно Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», через отдел Аршалынского района филиала Регионального государственного предприятия «Центр обслуживания населения» по Акмолинской области или через веб-портал «электронного правительства» www.egov.kz., согласно стандарту государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства.
      3. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом доходы семьи (граждан) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.
      4. Расходы по коммунальным услугам берутся по предъявленным поставщикам счетам на оплату коммунальных услуг.
      5. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Аршалынского района» (далее - уполномоченный орган).
      6. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем зачисления на лицевые счета заявителей.

2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.
      8. Доля предельно допустимых расходов распространяется на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 15 процентов.
      9. Оплата на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.
      10. Расходы потребления электроэнергии, холодной воды, канализации, горячей воды, мусороудаления и теплоснабжения, оплачиваются по фактическим затратам за предыдущий квартал.
      11. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам».