Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 48/4 (қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясынын төрайымы И.Слободянюк
Аудандық мәслихатының
хатшысы Ю.Сериков
КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов
2015 жылғы 27 наурыз
Аршалы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/10
шешіміне қосымша
Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аршалы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ақмола облысы Аршалы ауданы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік аймақтық кәсіпорынының филиалы немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
4. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындалды.
6. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.
8. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi кондоминиум объектісі отбасыларға (азаматтарға) ортақ мүлкін ұстауға жұмсалады, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне 15 пайыз көлемінде белгіленеді.
9. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
10. Электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.
11. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.