РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 бабтарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (үш айдан артық);
жұмыссыздар есебінде тіркелген 50 жастан асқан тұлғалар;
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
маусымдық және уақытша жұмыс уақытының аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
емдік курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
атқарушы органның жолдамасы бойнша кәсіби оқуды аяқталған жұмыссыздар;
әлеуметтік-медициналық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
2. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда 4033 нөмірімен тіркелген, «Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 65 және Астрахан аудандық «Маяк» баспасында 2014 жылғы 28 наурыздағы № 12 жарияланған қаулысы күшін жойды деп есептесін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
4. Қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов