Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылы әкімінің 01.07.2015 № 5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 01-24-148 ұсынысы негізінде Новомарковка ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының Коментерн жайылым учаскесінде жылқы құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новомарковка ауылының әкімі Г.И.Самойленко