РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік органның үлгілік ережесіне, "Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/20 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қ.Аутеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қиықов |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "27" наурыздағы № а-3/69 қаулысымен Бекітілді |
Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мынадай ведомство бар: Еңбекшілдер ауданының әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Ветсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
4. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықова көшесі 2а үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
қазақ тілінде – Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учереждение "Отдел ветеринарии" Енбекшильдерского района.
11. Осы Ереже Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне құрылтай құжаты болып табылады.
12. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы: ветеринария саласында жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуі болып табылады.15. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) тұрғындардың денсаулығын, адам мен жануарларға ортақ болып табылатын аурулардан қорғау;
3) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Еңбекшілдер ауданы өңірлерінде басқа аймақтардан жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) ветеринарлық препараттардың жемшөп пен мал азығы қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу мен пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринариялық мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
16. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі келесі функцияларды атқарады:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
12) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
13) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
15) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
17) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
21) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
22) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
26) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу.
27) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
17. Негізгі құқықтары:
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
3) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға;
6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
7) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.19. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы Еңбекшілдер ауданы әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыстың орындалуын ұйымдастырады және басшылық жасайды, оның функциялары мен міндеттерін орындау үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындамағаны үшін жеке жауапты болады;
2) Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтауды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалардың салынуын жүзеге асырады;
5) Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуға тиісті оның құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
7) Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі келешек және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.