Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 39/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Т.Жүсіпова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Құдабаев |
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
31 наурыз 2015 жыл
Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 шешіміне қосымша |
Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Есіл аудандық бөлімі арқылы немесе "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүгінеді".
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 14.04.2016 № 2/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады, мыналарды қоспағанда:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін обасыларды (азаматтарды);
еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын тұлғалардан басқалары).
Заңсыз және аса көтерілген тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркімен, бас тартқан жағдайда сот тәртібі арқылы қайтарады.
4. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.
5. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудан бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүргізіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
6. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептейді.
7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметке жұмсаған шығыстарының нормалары мен шекті жол берілетін шығыстарының арасындағы айырма ретінде анықталады.
8. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 11 % мөлшерінде мыналарға белгіленеді:
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына.
9. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға 18 шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр болып қабылданады.
11. Жылумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқысты шығару және сумен қамтамасыз ету коммуналдық қызмет жеткізушілері ұсынған төлем құжаттарының негізінде алдынғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша төленеді.
12. Өтемақы шараларына жататын, электр қуатының шығысы нормасына айына бір адамға 101 киловатт/сағат болып қабылданады.
13. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесіне сәйкес жүргізіледі.