РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Т.Жүсіпова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Құдабаев |
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
31 наурыз 2015 жыл
"Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Смағұлов |
31 наурыз 2015 жыл