Есіл аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      "Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облыстық Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Г.Кәрімова
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады