РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасын белгілеу туралы" Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 (2009 жылғы 6 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-96 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтарда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының кіріспесіне келесі толықтыру енгізілсін:
"жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |