Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № а-2/39 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, жұмыс іздеп қиналып жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 29.06.2015 № а-6/274 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасы белгіленсін.
2. Есіл қаласы, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тығыз байланыса отырып құрылған жұмыс орындарына мүгедектерді жіберуді жүзеге асырсын.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі С.Ерин