РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесінің негізінде, атқарылатын қызметтер, өкілеттіктер және штаттық бірліктердің өткізілуіне байланысты, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы Г.В.Смағұловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "16" "03" № А-3/55 қаулысымен бекітілген |
"Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ереже
1. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республиткасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме формасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында щоттары болады.
4. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 021100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізігі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
13. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жұмыспен қамту, халықтың әлсіз әлеуметтік қабаттарына әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның басқа органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады.14. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) халықтың аз қамтылған қабаттарына қайырымдылық акциялары арқылы көмек көрсетуді ұйымдастыру;
2) аймақатағы әлеуметтік-экономикалық өзерістеріне, бос орындарға жұмыссыздардың жұмыспен қамту қызметіне өтініш білдіргендердің кәсіби құрамына сәйкес, еңбек нарығын реттеудегі тепе-теңсіздіктің себептерін анықтау және тиісті шараларды өткізуде сараптама жүргізу;
3) мақсатты топтарды жұмыспен қамтамасыз етуге септігін тигізу үшін жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру және арнайы іс-шараларды өткізу;
4) көпбалалы отбасыларды, ананы және баланы қорғау, мүгедектерді, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және олардың отбасыларына, әлеуметтік көммекке мұқтаж халықтың өзге қабаттарына қолдау көрсету жөніндегі бағдарламасын әзірленуіне қатысу;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету.
15. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Жұмыс берушілердің жұыс күшімен қамтамасыз етуді және өтініш білдірген азаматтар мен жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру;
2) еңбек нарығының қажеттілігін сәйкес әрі қарай жұмысқа орналастыруда септігін тигізу үшін кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және кәсіби біліктілігін көтеруге жолдау;
3) аз қамтылғандардың, жеті жасқа дейінгі балалар күтімімен отырғандарды, және жұмыспен қамтылғандардың қажеттілігіне сәйкес өтініш білдірген жағдайда кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және кәсіби біліктілігін көтеруге жолдау;
4) жұмыссызға жұмыссыз болып тіркелгені туралы анықтама беру;
5) еңбек нарығының жағдайы туралы жергілікті және орталық орындаушы органдарды, халықты ақпараттандыру және экономикалық белсенді халықтың (жұмыс күші) бөлігінің ұсынысы және сұранысты болжау, сараптау;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;
7) азаматтарға және жұмыссыздарға жұмыс таңдауда, жұмысқа орналасуға және оқуға жолдама беру;
8) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу;
10) азаматтар мен тұлғаларға кәсіби бағытталуында тегін қызметтер көрсету;
11) мақсатты топтарды жұмыспен қамтамасыз етуге септігін тигізу үшін жұмыспен қамтуда саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және арнайы іс-шараларды өткізу;
12) халықтың әлеуметтік әлсіз қабаттарына әлеуметтік мемлекеттік мекенжайлық көмек ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) туу, өлім, неке қию және бұзу, асырап алу, әкелігін орнату, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуден өткізу;
14) неке қию мен тууды тіркеу кезінде салтанатты жағдайда ұйымдастыру.
16. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамамен орнатылған тәртіпте жергілікті басқару органдарынан, және де меншік түріне қарамастан ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан мемлекеттік мекемеге жүктелен функцияларды орындау үшін қорытындыларды, анықтамаларды, және өзге материалдарды талап етуге және алуға;
2) мемлекеттің егемендігін қорғау және нығайту бойынша, конституциялық қатаррдың, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын өмірге келтіру;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыстық және аудандық әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін жұмыста басшылыққа ала отырып және қатаң орындау;
4) кез-келген жемқорлық белгілерін мемлекеттік органдардарда алдын алып және қарсы тұру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылық ету басшысымен жүзеге асырылады, ол "Жрақайың ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз кызметтерін жүзге дербес жауапкешілікті атқарады.18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
19. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілдігі:
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді;
2) Заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және одан босатады;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Заңнамамен орнатылған тәртіппен тәртіптік жаза салады;
4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекемені таныстырады;
6) мемлекеттік органда лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін дербес жауапкершілікті атқарады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
"Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада қарастырылған жағдайда оперативті басқарма құқығымен баламалы мүлікке ие бола алады."Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншікпен берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де негіздермен өз қызметінің қорытындысы бойынша алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қосқанда) есебінен құрылады.
21. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншік болып табылады.
22. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне және егер басқасы заңнамамен орнатылмаса, қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген қаражат есебінен алынған мүлікті иелігінен шығара немесе басқа тәсілмен оған иелік ете алмайды.