РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдар тізбесін келісу туралы" Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-312 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасындағы 2 тармақтың 6) тармақшасында "есепші" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"29" 06 2015 жыл