РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 444 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Сандықтау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Сандықтау ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маслихат сессиясының төрағасы |
В.Миронов |
Аудандық маслихат хатшысы |
С.Клюшников |
Келісілді
Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |
2015 жыл 11 қыркүйек
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы |
К.Батталов |
2015 жыл 11 қыркүйек