1. Мәртөк ауданы аумағында қоса беріліп отырған жер учаскесінің жоспарына (сызбасына) сәйкес шекара мен көлемде "Мәртөк" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін 133 796 га көлемінде жер учаскесі резервке қалдырылсын.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
"Мәртөк" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалына резервке қалдырылған мемлекеттік орман қоры жерлері учаскелерінде, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы орман кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын;
осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысына қосымша |
Жобаланып отырған "Мәртөк" жергілікті маңызы бар
мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің
Жоспары (сызбасы)
Жер экспликациясы
№ п/п | Функцияналдық аймақ атауы | Ауданы, мың.га | Қорғау тәртібі |
1. | "Мәртөк" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы | 133 796 | Шаруашылық қызметінің реттеу тәртібі |
| | | Ғылыми, экологиялық, мәдени-ағартушылық және оқулық мақсатында пайдалану |
| БАРЛЫҒЫ: | 133 796 | |