Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
2) жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері және талаптары;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 "Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Келісілді: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
Ескерту. Субсидиялар нормативтері жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.09.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Р/н № | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлік | 1 басқа субсидия нормативі, теңге |
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*: | х | х |
2.1. | етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 6 000 |
2.2. | алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 93 000 |
2.3. | Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары | бас | 28 000 |
2.4. | Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары | бас | 6 000 |
2.5 | орташа жылдық сауымы 7 000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 132 000 |
2.6 | орташа жылдық сауымы 3 500 литр сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 6 000 |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар
Ескерту. Өлшемдер және талаптар жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.09.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Р/н № | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшемдер және талаптар |
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы; 2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы. |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату | 1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы. 2. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс. 3. Орташа жылдық сүт көлемі 3 500 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 3 500 кг кем болмауы тиіс. 4. Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін: жыл басынан бастап кемі 7 000 бас мүйізді ірі қараны сойып өткізу (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады). 5. Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін: жыл басынан бастап 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қараны сойып өткізу (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады). |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.09.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Өнімдердің атауы | Өлшем бірлік | 2015 жылға субсидиялар көлемдері | |
субсидияланатын көлем | субсидиялар сомасы, мың теңге | |||
1 | Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 6 975 | 139 500 |
2 | Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 45 261 | 814 695 |
3 | Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу * | бас | 3 239 | 58 305 |
4 | Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 2 373 | 47 460 |
5 | Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | бас | 130 000 | 195 000 |
6 | Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 983 | 102 232 |
7 | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | бас | 10 000 | 50 000 |
8 | Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: | бас | х | х |
Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан | бас | х | х | |
асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде) | бас | 326 | 38 468 | |
9 | Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: | бас | х | х |
| асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде) | бас | 58 | 6 844 |
10 | Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу | бас | 1 900 | 292 600 |
11 | Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде: | бас | х | х |
қойлар | бас | 1 604 | 12 828 | |
жылқылар | бас | 250 | 10 000 | |
| БАРЛЫҒЫ: | бас | х | 1 767 932 |
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді |
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.09.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Өнімдердің атауы | Өлшем бірлік | 2015 жылға субсидиялар көлемдері | |
субсидияланатын көлем | субсидиялар сомасы, мың теңге | |||
1 | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
1-деңгей | тонна | 3 176 | 952 800 | |
2-деңгей | тонна | 109 | 18 530 | |
3-деңгей | тонна | 261 | 26 100 | |
2 | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей | тонна | 6 377 | 624 958 |
3 | Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
1-деңгей | тонна | 94 | 18 800 | |
2-деңгей | тонна | 13 | 1 300 | |
4 | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 215 | 19 780 |
5 | Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
1-деңгей | тонна | 5 754 | 143 850 | |
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | тонна | 1 920 | 69 000 | |
2-деңгей | тонна | 630 | 9 450 | |
3-деңгей | тонна | 914 | 9 140 | |
6 | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | тонна | 28 | 1 680 |
7 | Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей | тонна | 1 204 | 60 200 |
3 деңгей, субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | тонна | 400 | 26 858 | |
8 | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей | мың дана | 69 000 | 207 000 |
1 деңгей, субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | мың дана | 23 000 | 94 045 | |
9 | Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу | бас | 3 848 | 92 352 |
10 | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату | бас | х | 681 847 |
11 | Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату * | тонна | 17 151 | 128 635 |
12 | Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату * | тонна | 6 008 | 45 060 |
| БАРЛЫҒЫ: | х | х | 3 231 385 |
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
** - өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру