Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 22.02.2018 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Кемаловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі бірақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 186 қаулысымен бекітілді |
"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, тиісті жергілікті атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру қызмет беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету формасы: қағаз түрінде
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген, "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының қосымшасына сәйкес, сыйға беру шарты және алым-берім актісі (тапсыру актісі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру формасы – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болып табылады:
Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, құжаттарды ұсына отырып, сыйға беру шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекетке беру туралы меншік иесінің ұсынысы.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны.
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық расталған сенімхат бойынша), мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, сыйға беру шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныспен жергілікті атқарушы органға өтініш береді;
2) жергілікті атқарушы орган (әрі қарай - ЖАО) кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, құжаттармен қоса өтінішін қабылдап алады және өтініштерді тіркеу журналына 15 (он бес) минут ішінде тіркейді.
нәтижесі – өтініштің қабылданғаны туралы талон беру;
3) ЖАО кеңсесінің маманы облыс әкіміне қарау үшін - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде кіргізеді;
4) облыс әкімі орындау үшін қарарға - 2 (екі) жұмыс күннің ішінде қол қояды;
5) ЖАО кеңсесінің маманы осы өтінішті мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның басшысына - 3 (үш) жұмыс күннің ішінде жолдайды;
6) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның басшысы осы өтінішті мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысына - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде береді;
7) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқығын беру жөнінде ұсыныс бар екендігі туралы тиісті ЖАО, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға ЖАО - 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде хабардар етеді;
8) тиісті ЖАО, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ЖАО сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекеттің сатып алудың қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жолдайды.
Болашақта шартқа қол қоятын жағдайда – 2 (екі) ай ішінде.
Мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 (отыз мың) есе мөлшерінен асатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі қажет;
9) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы осы регламенттің 8-тармағында көрсетілген қорытындыны алған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
10) ЖАО маманы облыс әкіміне қол қоюға келісілген қаулының жобасын - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде кіргізеді;
11) қол қойылған қаулы ЖАО маманымен тіркеледі және пошта арқылы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға - 2 (екі) жұмыс күннің ішінде жолданады;
12) көрсетілетін қызметті берушімен сыйға беру шарты - 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде әзірленеді және көрсетілетін қызметті берушімен мүліктің алым-берім актісі (тапсыру актісін) – сыйға тарту шартымен белгіленген мерзімде жасалады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізілімі:
1) ЖАО кеңсесінің маманы;
2) облыс әкімі;
3) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның басшысы;
4) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы;
5) тиісті ЖАО, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ЖАО;
6) ЖАО маманы;
7) көрсетілетін қызметті беруші.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық расталған сенімхат бойынша), мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, сыйға беру шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныспен жергілікті атқарушы органға өтініш береді;
2) ЖАО кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, құжаттармен қоса өтінішін қабылдап алады және өтініштерді тіркеу журналына 15 (он бес) минут ішінде тіркейді.
нәтижесі – өтініштің қабылданғаны туралы талон беру;
нәтижесі – өтініштің қабылданғаны туралы талон беру;
3) ЖАО кеңсесінің маманы облыс әкіміне қарау үшін - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде кіргізеді;
4) облыс әкімі орындау үшін қарарға -2 (екі) жұмыс күннің ішінде қол қояды;
5) ЖАО кеңсесінің маманы осы өтінішті мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның басшысына - 3 (үш) жұмыс күннің ішінде жолдайды;
6) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның басшысы осы өтінішті мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысына - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде береді;
7) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқығын беру жөнінде ұсыныс бар екендігі туралы тиісті ЖАО, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға ЖАО - 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде хабардар етеді;
8) тиісті ЖАО, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, жергілікті мемлекеттік басқарудың белгіленген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ЖАО сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекеттің сатып алудың қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жолдайды.
Болашақта шартқа қол қоятын жағдайда – 2 (екі) ай ішінде.
Мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 (отыз мың) есе мөлшерінен асатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі қажет;
9) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы осы регламенттің 8-тармағында көрсетілген қорытындыны алған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
10) ЖАО маманы облыс әкіміне қол қоюға келісілген қаулының жобасын - 1 (бір) жұмыс күннің ішінде кіргізеді;
11) қол қойылған қаулы ЖАО маманымен тіркеледі және пошта арқылы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға - 2 (екі) жұмыс күннің ішінде жолданады;
12) көрсетілетін қызметті берушімен сыйға беру шарты - 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде әзірленеді және көрсетілетін қызметті берушімен мүліктің алым-берім актісі (тапсыру актісін) – сыйға тарту шартымен белгіленген мерзімде жасалады.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, осы регламененттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.