Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылдың егісіне аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бірінші көбейтілген мен бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Келісілді: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"03" маусым 2015 жыл |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 194 қаулысына қосымша |
2015 жылдың егісіне аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары
№ р/с | Дақыл | Аймақтар | |
1 | 2 | ||
Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм | |||
1 | Бидай | 7,93 | 7,93 |
2 | Арпа | 13,16 | 13,16 |
3 | Сұлы | 5,12 | 5,12 |
4 | Тары | 0,23 | 0,23 |
5 | Қара бидай | 16,53 | 16,53 |
6 | Жүгері | 26 | 26 |
7 | Дәнді-бұршақты | 30,48 | 30,48 |
8 | Мақсары | 0,34 | 0,35 |
9 | Күнбағыс | 0,53 | 0,53 |
10 | Күнбағыс (будан) | 13 | 13 |
11 | Картоп | 303,42 | 303,42 |
12 | Біржылдық шөптер | 0,057 | 0,057 |
13 | Дәнді көпжылдық шөптер | 13,00 | 13,00 |
14 | Бұршақты көпжылдық шөптер | 13,00 | 13,00 |
(Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары кіреді).
2 (екінші аймаққа) – құрғақ далалық астық және мал шаруашылығы аймағы
(Алға, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары кіреді).