2015 жылдың егісіне аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 194 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 4417 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.02.2016 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылдың егісіне аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бірінші көбейтілген мен бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов
      Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
      "03" маусым 2015 жыл

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 194 қаулысына
қосымша

2015 жылдың егісіне аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары

№ р/с
Дақыл
Аймақтар
1
2
Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм
1
Бидай
7,93
7,93
2
Арпа
13,16
13,16
3
Сұлы
5,12
5,12
4
Тары
0,23
0,23
5
Қара бидай
16,53
16,53
6
Жүгері
26
26
7
Дәнді-бұршақты
30,48
30,48
8
Мақсары
0,34
0,35
9
Күнбағыс
0,53
0,53
10
Күнбағыс (будан)
13
13
11
Картоп
303,42
303,42
12
Біржылдық шөптер
0,057
0,057
13
Дәнді көпжылдық шөптер
13,00
13,00
14
Бұршақты көпжылдық шөптер
13,00
13,00

      Ескерту: 1 (бірінші аймаққа) – далалық астық және мал шаруашылығы аймағы
      (Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары кіреді).
      2 (екінші аймаққа) – құрғақ далалық астық және мал шаруашылығы аймағы
      (Алға, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары кіреді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады