Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 29.04.2024 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 239 қаулысымен бекітілді |
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағида) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
2. Үлгі қағида білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидасын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі
5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасында:
1) білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
2) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
4) ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
5) білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.