"Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 239 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 мамырдағы № 8580-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады