Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 38-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы М.Қ.Елеусізовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 343 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысы;2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 479 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 224 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 343 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды."Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекетік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Ақтөбе облысы әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.15. Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады.
16. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:
1) Республика Президенті мен Үкіметінің, Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігі, өзге жоғары тұрған мемлекеттік органдар кесімдері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар әзірлеуді ұйымдастырады;
2) Ақтөбе облысы әкімдігі отырыстарын, әкімі жанындағы кеңестерді әзірлеуді ұйымдастырады;
3) Ақтөбе облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, Парламент аппаратымен, басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
4) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттермен және басқармалармен, саяси партиялармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
5) Ақтөбе облысы әкіміне тікелей бағынысты мемлекеттік органдардың кұрылымын, оларды құруды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
6) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің icін жүргізуді ұйымдастырады, кіріс және шығыс хат-хабарларын өңдейді, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
7) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігі кесімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасайды, сондай-ақ құзыреті шегінде соттарда олардың мүдделерін білдіреді;
8) лауазымға Ақтөбе облысы әкімімен тағайындалатын тұлғалардың мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты кадрларды іріктеуді, тиісті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастырады;
9) Ақтөбе облысы әкімінің атына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;
10) Ақтөбе облысы әкімі аппаратына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін бақылайды;
11) Ақтөбе облысы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) көрсетеді, жұмыстың БАҚ өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
12) жергілікті атқарушы органдардың "электрондық әкімдігі", электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық – коммуникациялық желілерін дамытуды қамтамасыз етеді;
13) мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда электрондық қызметті енгізу жөніндегі атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
14) облысқа мемлекет басшысы мен басқа мемлекеттік органдардың жоғары тұрған лауазым иелерінің сапарларын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
15) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес облыс аумағында сайлаулар өткізу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыруға қатысады;
16) гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты әзірлеу және жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді;
17) облыс аумағындағы қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
18) облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
19) облыстың және экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау мен болжау;
20) мемлекеттік, салалық және жергілікті деңгейдегі өзге бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау, талдау негізінде тиісті ұсыныстар әзірлеу;
21) облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу, талдау және болжау;
22) халықаралық тәжірибені және оның облыс экономикасының түрлі салаларын дамытуға қолданылуын зерделеу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады;
23-1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
23-2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету;
23-3) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктер аумағында әскери – экономикалық және командалық – штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
23-4) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
23-5) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
23-6) төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады.
17. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) заңнамаға сәйкес облыстың мемлекеттік мекемелерінің иелігіндегі ақпараттық материалдарды пайдаланады;
2) аппараттың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қызметтік хат алмасады;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен облыс әкімі кесімдерінің жобаларына келісудің бар-жоғын бақылайды және олар болмаған жағдайда тиісті жобаларды келісу үшін қайтарады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімінің шешуін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды және қайтарады;
5) Ақтөбе облысы әкімі тағайындайтын немесе олардың келісімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе шала орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізеді;
6) Ақтөбе облысы әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралып жатқан мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақырады;
7) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану.
Міндеттері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың аппарат мүдделерін білдіреді;
2) Ақтөбе облысы әкіміне облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілерін қызметке тағайындау туралы ұсыныс енгізеді;
3) аппарат басшысы орынбасарларын, кеңесшілерді, көмекшілерді, облыс әкімінің бас инспекторларын, аппараттың бас және жетекші мамандарын, мемлекеттік қызметшілер емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметінен босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады.
4) мына:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар басшыларының;
облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің бос орындарына конкурс өткізуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалардың басшыларын, олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
7) аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, олардың міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Ақтөбе облысы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі:
1) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;2) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Аумақтық қорғаныс бригадасының басқару қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.