"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 343 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 4553 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 23.09.2016 № 408 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 38-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы М.Қ.Елеусізовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 343 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 479 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 224 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 420 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 343 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекетік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Ақтөбе облысы әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады.
      16. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:
      1) Республика Президенті мен Үкіметінің, Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігі, өзге жоғары тұрған мемлекеттік органдар кесімдері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар әзірлеуді ұйымдастырады;
      2) Ақтөбе облысы әкімдігі отырыстарын, әкімі жанындағы кеңестерді әзірлеуді ұйымдастырады;
      3) Ақтөбе облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, Парламент аппаратымен, басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттермен және басқармалармен, саяси партиялармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
      5) Ақтөбе облысы әкіміне тікелей бағынысты мемлекеттік органдардың кұрылымын, оларды құруды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      6) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігінің icін жүргізуді ұйымдастырады, кіріс және шығыс хат-хабарларын өңдейді, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
      7) Ақтөбе облысы әкімі мен әкімдігі кесімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасайды, сондай-ақ құзыреті шегінде соттарда олардың мүдделерін білдіреді;
      8) лауазымға Ақтөбе облысы әкімімен тағайындалатын тұлғалардың мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты кадрларды іріктеуді, тиісті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастырады;
      9) Ақтөбе облысы әкімінің атына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;
      10) Ақтөбе облысы әкімі аппаратына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін бақылайды;
      11) Ақтөбе облысы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) көрсетеді, жұмыстың БАҚ өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
      12) жергілікті атқарушы органдардың "электрондық әкімдігі", электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық – коммуникациялық желілерін дамытуды қамтамасыз етеді;
      13) мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда электрондық қызметті енгізу жөніндегі атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
      14) облысқа мемлекет басшысы мен басқа мемлекеттік органдардың жоғары тұрған лауазым иелерінің сапарларын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
      15) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес облыс аумағында сайлаулар өткізу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыруға қатысады;
      16) гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты әзірлеу және жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді;
      17) облыс аумағындағы қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
      18) облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      19) облыстың және экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау мен болжау;
      20) мемлекеттік, салалық және жергілікті деңгейдегі өзге бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау, талдау негізінде тиісті ұсыныстар әзірлеу;
      21) облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу, талдау және болжау;
      22) халықаралық тәжірибені және оның облыс экономикасының түрлі салаларын дамытуға қолданылуын зерделеу;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      23-1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      23-2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету;
      23-3) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктер аумағында әскери – экономикалық және командалық – штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
      23-4) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
      23-5) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
      23-6) төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады.
      17. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) заңнамаға сәйкес облыстың мемлекеттік мекемелерінің иелігіндегі ақпараттық материалдарды пайдаланады;
      2) аппараттың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қызметтік хат алмасады;
      3) мүдделі мемлекеттік органдармен облыс әкімі кесімдерінің жобаларына келісудің бар-жоғын бақылайды және олар болмаған жағдайда тиісті жобаларды келісу үшін қайтарады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімінің шешуін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды және қайтарады;
      5) Ақтөбе облысы әкімі тағайындайтын немесе олардың келісімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе шала орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізеді;
      6) Ақтөбе облысы әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралып жатқан мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақырады;
      7) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану.
      Міндеттері:
      1) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
      2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың аппарат мүдделерін білдіреді;
      2) Ақтөбе облысы әкіміне облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілерін қызметке тағайындау туралы ұсыныс енгізеді;
      3) аппарат басшысы орынбасарларын, кеңесшілерді, көмекшілерді, облыс әкімінің бас инспекторларын, аппараттың бас және жетекші мамандарын, мемлекеттік қызметшілер емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметінен босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады.
      4) мына:
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының;
      ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар басшыларының;
      облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің бос орындарына конкурс өткізуді ұйымдастырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалардың басшыларын, олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      7) аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, олардың міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
      "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Ақтөбе облысы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі:

      1) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      2) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Аумақтық қорғаныс бригадасының басқару қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области"

Постановление акимата Актюбинской области от 30 сентября 2015 года № 343. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 ноября 2015 года № 4553. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 23 сентября 2016 года № 408

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 23.09.2016 № 408.
      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 27, 38 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области".
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" обеспечить размещение настоящего постановления в информационно-правовой системе "Әділет".
      3. Отменить некоторые постановления акимата Актюбинской области согласно приложению к настоящему постановлению.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Актюбинской области Елеусизова М.К.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Актюбинской области Б.Сапарбаев

  Приложение к постановлению
акимата Актюбинской области
от 30 сентября 2015 года № 343

Перечень постановлений акимата Актюбинской области, подлежащих отмене

      1. Постановление акимата Актюбинской области от 29 декабря 2010 года № 420 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Актюбинской области"";
      2. Постановление акимата Актюбинской области от 29 декабря 2012 года № 479 "О внесении изменения в постановление акимата области от 29 декабря 2010 года № 420";
      3. Постановление акимата Актюбинской области от 24 июля 2013 года № 224 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 29 декабря 2010 года № 420".

  УТВЕРЖДЕНО
постановлением акимата
Актюбинской области
от 30 сентября 2015 года № 343

Положение
о государственном учреждении "Аппарат акима Актюбинской области"

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" (далее – Положение) разработан в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан № 410 от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан и определяет статус и полномочия государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области".
      Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" является государственным органом, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата Актюбинской области.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" не имеет филиалов и представительств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счет в государственном учреждение "Департамент казначейство по Актюбинской области Комитета Казначейства Министерства Финансов Республики Казахстан".
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя аппарата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 030010, Республика Казахстан, Актюбинская область, город Актобе, проспект Абилкайыр хана, 40.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" осуществляется за счет средств местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области". 
      Если государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" является обеспечение деятельности акимата и акима Актюбинской области, нацеленной на повышение эффективности системы государственного управления.
      15. Основными задачами государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" в сфере его деятельности является информационно - аналитическое, организационно - правовое и материально - техническое обеспечение деятельности акима и акимата области.
      16. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет следующие функции:
      1) координация деятельности исполнительных органов Актюбинской области по вопросам исполнения актов и поручений Главы государства, Правительства, акима и акимата Актюбинской области, иных вышестоящих государственных органов и организация подготовки соответствующих информаций о ходе их выполнения;
      2) организация подготовки заседаний акимата, совещаний с участием акима Актюбинской области;
      3) принятие мер по обеспечению взаимодействия акима Актюбинской области с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра, Аппаратом Парламента, иными вышестоящими государственными органами;
      4) организация взаимодействия акима и акимата Актюбинской области с местными представительными и исполнительными органами, областными территориальными департаментами и управлениями, политическими партиями и иными организациями по вопросам, входящим в их компетенцию;
      5) подготовка предложений по совершенствованию структуры, образованию, упразднению и реорганизации государственных органов, непосредственно подчиненных акимату области;
      6) организация ведения делопроизводства акима и акимата Актюбинской области, обработка входящей и исходящей корреспонденции, обеспечение проведения приема граждан;
      7) проведение правовой экспертизы проектов актов акима и акимата Актюбинской области, а также представление в пределах компетенции их интересов в судах;
      8) организация отбора кадров, оформление соответствующих документов, связанных с прохождением государственной службы лицами, назначаемыми на должность акимом области;
      9) организация рассмотрения обращений физических и юридических лиц, адресованных акиму Актюбинской области;
      10) контроль деятельности государственных юридических лиц, подведомственных аппарату акима Актюбинской области;
      11) освещение деятельности акима и акимата Актюбинской области в средствах массовой информации (далее - СМИ), организация взаимодействия работы со СМИ;
      12) обеспечение формирования "электронного акимата", развития электронных информационных ресурсов и информационных систем, информационно-коммуникационных сетей местных исполнительных органов;
      13) координация работы исполнительных органов по внедрению государственных услуг, в том числе электронных услуг, в местных исполнительных органах;
      14) принятие мер по организации визитов в область Главы государства и иных вышестоящих должностных лиц государственных органов;
      15) участие в соответствии с законодательством Республики Казахстан в организации мероприятий по проведению выборов на территории области;
      16) координация работы государственных органов по выработке и проведению гендерной, семейно - демографической политики;
      17) принятие мер по обеспечению благоприятных условий для дальнейшего укрепления межэтнического согласия и толерантности в обществе на территории области;
      18) информационно-аналитическое обеспечение деятельности акимата Актюбинской области;
      19) анализ и прогнозирование социально-экономического развития области и отраслей экономики;
      20) анализ хода реализации государственных, отраслевых и иных программ местном уровне, подготовка на основе анализа соответствующих предложений;
      21) изучение, анализ и прогнозирование общественно-политической ситуации в области;
      22) изучение международного опыта и его применимость по развитию различных отраслей экономики области;
      23) осуществление внутреннего контроля в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      23-1) обеспечение выполнения мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации на территории области;
      23-2) содействие местным органам военного управления в их работе в мирное время и при объявлении мобилизации;
      23-3) участие в проведении военно – экономических и командно – штабных учений (тренировок) на территории соответствующих административно – территориальных единиц;
      23-4) руководство территориальной подсистемой гражданской защиты в пределах своей компетенции;
      23-5) определение объемов и принятие необходимых мер по накоплению, хранению, обновлению и поддержанию в готовности имущества гражданской обороны;
      23-6) участие в расследовании аварий, бедствий и катастроф, приведших к возникновению чрезвычайных ситуаций.
      17. Права и обязанности государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области":
      Права:
      1) в соответствии с законодательством пользоваться информационными материалами, имеющимися в распоряжении государственных учреждений области;
      2) вести служебную переписку с государственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению аппарата;
      3) контролировать наличие согласования проектов актов акима и акимата области с заинтересованными государственными органами, в случае его отсутствия возвращать соответствующие проекты на их согласование;
      4) в соответствии с законодательством Республики Казахстан направлять и возвращать корреспонденцию по вопросам, не требующим решений акима Актюбинской области, в соответствующие государственные органы;
      5) вносить предложения об ответственности руководителей государственных учреждений и местных исполнительных органов, назначаемых акимом Актюбинской области или по согласованию с ним, за неисполнение или ненадлежащее исполнение должностных обязанностей;
      6) приглашать должностных лиц государственных органов и других организаций, подотчетных акиму Актюбинской области, для предоставления пояснений по рассматриваемым вопросам;
      7) владения и пользования государственным пакетом акций (долями участия в уставном капитале) акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) в соответствии с действующим законодательством.
      Обязанности:
      1) осуществлять свою деятельность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) в пределах своей компетенции вести борьбу с коррупцией.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Актюбинской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области":
      1) представляет аппарат в государственных органах и подведомственных организациях;
      2) вносит представления акиму Актюбинской области о назначении на должность заведующих структурными подразделениями аппарата акима области;
      3) назначает и освобождает от должности советников, помощников, главных инспекторов акима Актюбинской области, главных и ведущих специалистов аппарата, работников, не являющихся государственными служащими, применяет меры поощрения и налагает взыскания на них;
      4) организует проведение конкурсов на замещение вакантных должностей:
      руководителей исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета;
      руководителей подведомственных государственных юридических лиц;
      работников аппарата акима Актюбинской области;
      5) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности руководителей, заместителей руководителя подведомственных государственных юридических лиц, применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на них;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      7) утверждает положения о структурных подразделениях аппарата, определяет их функции и полномочия.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      23. Аппарат акима Актюбинской области возглавляется руководителем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      24. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Актюбинской области", относится к коммунальной собственности.
      26. Государственное учреждение "Аппарат акима Актюбинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень предприятий (организаций) находящихся в ведении государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области"

      1) Государственное коммунальное казенное предприятие "Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих" государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области";
      2) Коммунальное государственное учреждение "Хозяйственное управление акимата области" государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области";
      3) Коммунальное государственное учреждение "Қоғамдық келісім" государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области";
      4) Коммунальное государственное учреждение "Служба управления бригады территориальной обороны" государственного учреждения "Аппарат акима Актюбинской области".