РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің келесі қаулылары жойылсын:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 428 "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы туралы" қаулысының 2-тармағы;
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 133 "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 428 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысымен бекітілген |
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.2. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
4. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша мемлекеттік мекеме болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілермен рәсімделетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылдайды.
9. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
11. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқарушы құзіретті орган болып табылады.
12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
13. Осы Ереже "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
15. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы аумағында мемлекттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, лицензиялау мен аттестаттауын жүзеге асырады.17. Міндеті: Ақтөбе облысы аумағында мемлекттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, лицензиялау мен аттестаттауын жүзеге асырады.
18. Функциясы:
1) объектілерді тексеру барысында мыналарды анықтайды: бекітілген (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуын;
2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
4) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдар, конструкциялар) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
5) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлер құрылысы кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
6) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруын;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асыру тәртібін сақтауын;
8) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда: ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
9) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
10) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді);
11) инспекциялау жүзеге асыру үшін: тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттардың болуына Мердігермен шартының (бас мердігермен) болуын қарайды;
12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
13) құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
14) қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуын;
15) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруын;
16) техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуын;
17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
18) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
19) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларқабылдайды;
20) сәулет-құрылыс қызметі саласында мемлекеттік номативтердің талаптары мен нормативтік құқықтық актілердің бұзлуына жол берілгенде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялық бақылау және жұмыстарды лицензиялауды жүзеге асыру;
22) сараптама және инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асыру;
23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
24) сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуде қатысу;
25) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру.
19. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтар:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұратады және алады;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұратады және алады;
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз барға және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізуге;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге баруға.
Міндеттері:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңнаманы бұзушыға мерзімінде шара қолдану;
2) жүргізіліп жатқан тексеруге қатысты материалдарды әділ дайындау;
3) өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресу.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға басшылықты дербес жауапты болатын "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.21. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұстанады.
2) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат кестесін бекітеді;
3) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, және босатады, оларды көтермелейді және жаза қолданады.
4) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
5) өз құзыреті шегінде "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауына жеке жауапты болады және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған, шаралар қолданады.
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.