Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Нұрқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 358 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылды деп танылған қаулылырының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 134 "Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы.2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 тамыздағы № 247 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 134 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 365 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 134 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 477 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №134 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 05 маусымдағы № 174 "Облыс әкімдігінің 17 сәуірдегі 2008 жылғы №134 қаулысыны толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 225 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №134 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 358 қаулысымен бекітілді |
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекеменің Ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекеменің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды."Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына байланысты мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде филиалдар мен өкілеттіктер болмайды.
3. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптары болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе облысы әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.
8. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын басқарма басшысы облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік басқарудың құрылымын, Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органдар штаттық санының лимитін бекіту туралы қаулысына сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй.
11. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемелекеттік мекемесінің миссиясы басқарманың стратегиялық жоспарына сәйкес халықтың әлеуметтік кепілдіктерін жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету болып табылады.16. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
2) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
4) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
5) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және дайындауға ыкпал ету;
6) халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
7) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және олардың заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында, өтініштерін қарауға байланысты, құқықтық қатынастарды реттеу;
8) ақпараттық алмасу және ақпараттық қызметтерді қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын көтеру, "электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметті" дамыту;
10) мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын қамтамасыз ету және жүргізу;
11) қылмыстық жаза өтегендерді әлеуметтік бейімдеу және қалпына келтіруді ұйымдастыруды үйлестіру;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын, Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптерін қамтамасыз ету және жүргізу;
13) халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаты өзінің құзыреті шегінде қамтамасыз ету және жүргізу.
17. Басқарманың функциялары:
1) өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырады;
2) басқарма жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк наградалармен наградтауға құзыреті шегінде ұсынымхат енгізеді;
4) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;
5) өңiрлiк деңгейде әлеуметтiк әрiптестiктi ұйымдастырады;
6) өңірлік (облыстық) келісім жобасын даярлау бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарымен келіссөздер жүргізеді, өңірлік (облыстық) келісімді әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
7) әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның дербес құрамын қалыптастырады;
8) әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның, жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалар жүргізуді, шешімдер жобаларын даярлауды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
10) өңірлік (облыстық) келісімді бекітуге қатыспаған бірлестіктерге, жұмыс берушілерге, қызметкерлер бірлестіктеріне өңірлік (облыстық) келісімге қосылуға ұсыныс енгізеді;
11) келiсiмнiң орындалуына өңірлік (облыстық) мониторинг жүргізеді;
12) "Парыз" бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсына үміткерлердің материалдарын даярлауға жәрдемдеседі;
13) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қарайды және келiседi;
14) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және облыстың өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
15) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
16) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпi бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
17) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
18) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
19) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
20) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
21) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
22) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
23) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, бiлiм беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған шараларды ұйымдастырады;
24) қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтiк мекеме әкiмшiлiгiнiң дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады;
25) мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге мониторинг жүргізеді;
26) мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың мониторингін жүргізуді іске асырады;
27) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
28) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
29) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн іске асырады;
30) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуiн іске асырады;
31) халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
32) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
33) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
34) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және оларды жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
35) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;
36) жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту саласында қызмет атқаратын ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестациялауды өткізу;
37) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметтің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы" № 849 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (үй-интернат) басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады;
38) халықты жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
39) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және керi қайтарып алады;
40) нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету, өз бетінше жұмыспен қамтылу бастамаларында қолдау көрсету, белгіленген жұмыссыздықтың қысқаруының мәселесі бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Ақтөбе қаласының және облыстың аудандары халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
41) мекемелердің қызметіне септеседі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға, кәсіби даярлауға, кайта даярлау жәрдемдеседі;
42) халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізеді, олардың жұмыспен қамтылуына бағытталған іс-шаралар әзірлейді;
43) облыстың және оның өңірлерінің еңбек нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстарға мониторинг жүргізуді жүзеге асыруды, жалпы облыс бойынша маманданған кадрлардың келешегі бар қажетілігін қалыптастырады;
44) жұмыссыз азаматтардың кәсіптік даярлау жоспарларын қалыптастыруды және олардың орындалуын ұйымдастырады;
45) халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралардың облыстық және республикалық Жоспарларын іске асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
46) жұмысшылар өкілдері мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен облысты дамытудың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламасы негiзiнде халықты жұмыспен қамту бағдарламасын дайындайды;
47) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;
48) орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептiлiк табыс етедi;
49) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
50) халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуына мониторинг жүргізеді;
51) жергілікті атқарушы органдардың халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін әзірлейді;
52) жергілікті атқарушы органдардың халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
53) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң мақұлданған болжамы негiзiнде басқарманың стратегиялық жоспары әзiрленедi және ол бұқара ақпараттар құралдарында жарияланады;
54) басқарманың операциялық жоспарын әзiрлейдi және бекітеді;
55) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
56) бақылайтын саладағы қоғамдық қолдауды қалыптастырады және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасайды;
57) оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
58) этностық қазақтардан оралман мәртебесін алуға, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
59) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесін алуға және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
60) оралман мәртебесін беру, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға біржолғы жәрдемақылар, тұрғын үй сатып алуға қаражат төлемін тағайындау туралы шешім қабылдайды;
61) оралман және қоныс аударушы куәліктерін береді;
62) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
63) қоныс аударушы мәртебесін беру, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізілген қоныс аударушыларға біржолғы жәрдемақылар тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Құқықтары мен міңдеттері:
Мынадай:
1) басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік, мемлекеттік емес органдардан, ведомствоға қарасты мекемелерден заңда белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) талапкер, жауапкер ретінде барлық саладағы соттарда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, басқа органдарда заңда белгіленген тәртіппен өкілдік етуге;
3) Еңбек Кодексінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес өз құзыретi шегiнде актiлер шығарады;
4) басқарма қызметкерлерінен еңбек ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң орындалуын талап етуге;
5) Еңбек Кодексінде, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
6) Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың қарауына енгізуге;
7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттын қалыптасыру мәселелерін іске асыруға;
8) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға құқығы бар;
Міндеттері:
1) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдайды;
2) басқармада мемлекеттік тілді барынша дамытады, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасайды;
3) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
3. Мемлекеттік органың қызметін ұйымдастыру
19. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.20. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
2) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді;
3) орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
4) басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін және Басқарма қызметкерлерін, заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қызметкерлерді іріктейді, орналастырады және тағайындайды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Басқарма атынан өкілдік етеді;
7) бұйрықтар шығарады;
8) белгіленген еңбекақы қорының және қызметкерлер санының шегінде Басқарманың шығыстар сметасын, штаттық кестесін бекітеді;
9) заңдарда белгіленген тәртіппен марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
11) облыс әкімдігінің өкімімен бекітілген лауазымдық нүсқаулыққа сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттіқ органың мүлкі
24. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мекемелердің тізбесі
"Қарттар және мүгедектер арналған интернат-үйі" мемлекеттік мекемесі"Жүйке аурулар үйі интернат" мемлекеттік мекемесі