"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 358 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 538 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 358 "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4563 тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада "Ақтөбе және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады