Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б.Сағын |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4782 қаулысымен бекітілген |
"Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару саласындағы басшылықты және Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып табылады.2. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмиссиясы: Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігін басқару, Ақтөбе қаласының мемлекеттік органдары, мекемелері және кәсіпорындарымен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау.15. Міндеттері:Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
2) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
3) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;
4) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкінің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
5) Ақтөбе қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
6) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларына бекіту жұмыстарын ұйымдастыру;
7) жергілікті атқарушы органның шешімімен Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларының, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде қатысу;
8) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде орналастырылған тауарларды, мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті), тәркіленген мүлікті, сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
10) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру, оның ішінде жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдалды қатыстыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды жүзеге асыру;
11) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын Ақтөбе қаласының мемлекеттік заңды тұлғаларының мүлкін есептен шығарылуына келісім беру;
12) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін есепке алу мен түгендеуді жүргізу;
13) коммуналдық меншікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен басқасына беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;
14) Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларын үйлестіру және талдау;
15) қаржылық жылға қалалық бюджеттен қаражаттандырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларының мониторингін өткізу;
16) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарға өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;
17) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдау жөніндегі функциялардан басқа, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сату бойынша сатушының (мүлікті иеліктен алуды жүргізетін тұлға) функциялары мен өкілеттіктерін жүргізу;
18) бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау;
19) мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын тәртіпте жүзеге асырады;
20) Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігінде тұрған обьектілерге жер актілерін, техникалық паспорттарын әзірлеу, оларды әділет органдарында тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Ақтөбе қаласының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарын әзірлеуге қатысуға;
2) "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан сұратуға;
3) Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігін иелену, пайдалану, сондай-ақ заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда басқаруға;
4) "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты, сондай-ақ өз құзіретіне сәйкес Ақтөбе қаласының әкіміне, Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына коммуналдық меншікті мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға, сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге;
6) Мүлікті иесіз қалған деп танып, одан әрі коммуналдық меншікке беру, сондай-ақ "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің мүддесін қорғау үшін сотта қарсылық көрсету-талап-арыздық жұмысты жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы менАқтөбе қаласының әкімі және әкімдігінің актілерінесәйкес сот актілеріне уақтылы шағымдану шараларын қабылдауға;
7) іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан азаматтық сот істеріне мониторинг жүргізу, сондай-ақ сотқа арыз беруге әкеп соқтырған себептерді анықтау мақсатында осы істерге талдауды жүргізе отырып, кейін Ақтөбе қаласының әкіміне ақпарат пен тиісті ұсыныстар беруге;
8) егер мәселе "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне тиесілі болса, "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің атына жолданған прокурорлық ықпал ету, тексеру комиссиясының, қаржылық бақылау актілерін қарастыруға, оларға жауаптар дайындау және олар бойынша талдау мен мониторинг жүргізу, олардың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмау мақсатында әкімге тоқсан сайын ұсыныстар енгізу;
9) "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе Ақтөбе қаласы әкімінің, орынбасарларының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімде жауап әзірлеу және жолдау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.19. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтержәне сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5) "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
"Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.