1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4782 "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4650 тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Ақтөбе және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Ж. Зинеге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І.Испанов |