РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б.Сағын |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4785 қаулысымен бекітілген |
"Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030007, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 4 "А".
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтөбе қаласының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметін көрсету бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру.15. Міндеттері: Ақтөбе қаласы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметін жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.
2) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) қаланың коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады, қалаішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
6) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін бөлуді ұйымдастырады;
8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
9) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
10) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
13) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
14) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
15) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
16) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және қаланың жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады;
17) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және қаланың жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады;
18) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
19) қаланы абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
20) қаланы санитарлық тазартуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
21) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстайды;
22) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
23) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат береді;
25) қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, ирригация жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, ескерткіштерді, ғимараттардың қасбеттерін, көпшілік пайдаланатын жерлер мен қаланы безендіру элементтерін тиісті дәрежеде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
26) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты рәсімдейді және береді;
27) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалға алушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану бойынша шаралар қабылдайды;
28) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жүргізеді;
29) "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесініңбалансында тұрған обьектілерге жер актілерін, техникалық паспорттарын әзірлеу, оларды әділет органдарында тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
3) мемелекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
4) "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін және маслихат жобаларын даярлауға қатысу;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5) "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
"Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.