Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсанындағы № 188 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтардағы мен 2014 жылдың 16 қаңтарындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларындағы:
1 тараудың 6 тармағы келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.";
2 тараудың 8 тармағы:
2) тармақшадағы:
"27" сандары: "32" сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
"16,5" сандары: "21,5" сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
"мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын" сөздері алынып тасталсын;
"5,4" сандары: "10,4" сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
"19" сандары: "24" сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
"11" сандары: "16" сандарымен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы:
"5,4" сөздері және сандары: "10,4" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын;
8) – 9) тармақшаларындағы:
"5,5" сандары: "10,5" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы |
А. Болатов | С. Шынтасова |