РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95–IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы |
Ә.Тасимов | С.Шынтасова |
КЕЛІСІЛДІ: Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары |
С.Нұрқатова |
Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 10.06.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. Қағидасындағы барлық мәтін бойынша "Ақтөбе қаласының "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" деген сөздері "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деген сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 27.07.2015 № 81 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес әзiрленді (бұдан әрi - Үлгiлiк қағидалар).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының жиынтық табысы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті;
10) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
11) қалалық жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме - "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту орталығы);
12) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
13) әлеуметтік келісімшарт - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері;
14) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
15) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс - шаралар кешені;
16) әлеуметтік бейімдеу шаралары - әлеуметтік ортаның жағдайына қалыптасу үшін ұсынылатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сондай - ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қолданыстағы заңнамалар тәртібімен көрсетілетін (тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары;
17) үміткер - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;
18) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
19) "Өрлеу" жобасы - отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 27.07.2015 № 81 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
3. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Ақтөбе қаласының "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Үлгілік қағидаларға және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.
4. Әлеуметтiк көмек деп жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - Алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай - ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне "Өрлеу" жобасына қатысушыларға ақшалай немесе заттай нысанда берілетін шартты ақшалай көмек түсiндіріледі.
5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
6. Атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi болып табылады:
Жеңіс күні - 9 мамыр;
Балаларды қорғау күні - 1 маусым;
Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.
Ескерту. 6 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.12.2015 № 395 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 4,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 17.02.2016 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 54 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 32 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 21,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
5) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 24 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
6) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 16 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
7) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
8) қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9) "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы" атағын иеленген, Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
10) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.12.2015 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.02.2016 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
9. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 54 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
6) саяси қуғын - сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 27 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
7) көп балалы отбасыларға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
9) аз қамтылған азаматтарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
10) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурулары бар адамдар, АИТВ жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын) бар азаматтарға 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
11) қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген өлген адамдардың қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сол сияқты аз қамтылған отбасыларға кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 16 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
12) жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар балалары арасынан қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне.
Ақшалай төлемдер оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады. Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.
10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келу не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады;
4) "Өрлеу" бағдарламасына қатысушы үміткер үшін жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспауы шарт.
11. Осы Қағиданың 10 тармағының 4 тармақшасына сәйкес өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты негізіндегі (бұдан әрі - әлеуметтік келісім шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек) отбасының (адамның) еңбекке қабілеттілерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделу өтуі шартымен қоса жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспаған кезде тағайындалады.
12. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
13. Барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген ай өтініш берген ай болып саналады.
14. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен басқасы).
15. Әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік келісім шарт негізіндегі ШАК - тен басқа, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
16. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысымен облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отыру кезіндегі көрсетілген табыстарды ескере отырып МАӘК төлеуді тоқтатқан жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән - жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
17. Осы Қағидаларда күшіне енгенге дейін, оны алған Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);
5) Психолого - медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);
6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
18. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.
19. Қағиданың 8 тармағының 1) - 5) тармақшаларында және 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
Ескерту. 19 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 17.02.2016 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.07.2015 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
20. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек, осы Қағида күшіне енгенге дейін оны алған Қағиданың 8 тармағының 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты;
4) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
21. Азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқығы болған жағдайда әртүрлі атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтік көмек түрінің біреуі көрсетіледі (мөлшер бойынша жоғарысы).
22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
3) Үлгiлiк қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат;
6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
23. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы Қағидалардың 22 - тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
24. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
25. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
26. Үмiткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшiн жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi.
27. Уәкiлеттi орган, ауылдық округ әкiмi не ассистент үмiткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация бередi және үмiткер қатысуға келiсiм берген жағдайда әңгiмелесу жүргiзеді.
Әңгiмелесу жүргiзу кезiнде:
1) үмiткердiң ШАК алуға құқығы;
2) отбасы мүшелерiне олардың жеке мұқтаждықтары ескерiле отырып көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шаралары айқындалады.
28. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
29. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
30. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
31. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
32. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
33. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы қағидалардың 29 және 30 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
34. Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Бұл ретте отбасының жанбасына шаққандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
35. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
ШАК - тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқа сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
36. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
37. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
38. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
39. Әлеуметтiк көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ақтөбе қаласынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық - әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады;
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және (немесе) әлеуметтік келісім шарты бойынша міндетемелерін орындамауы және бұзылуы.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
40. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.
41. Уәкілетті орган:1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК - тың айлық мөлшерін айқындайды;
2) ШАК - ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2 - топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
3) әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады;
42. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс - шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың "Өрлеу" жобасына қатысу міндеттемелерін, сондай - ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
43. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
44. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
6. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру
45. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда әлеуметтік көмек алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есеп шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргізеді.46. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
47. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.