1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 12 мамырдағы № 238 "Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4335 тіркелген, 2015 жылы 11 маусымдағы "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
1 тармақтын бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: |
Аудандық мәслихатхатшысы: |
И.Е Акжанов | А.Ермағамбет |