Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3851 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда аудандық "Жұлдыз-Звезда газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тоғызыншы абзацтағы "денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша" сөздері "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі бойынша" сөздерімен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы "аудандық білім бөлімімен" сөздері "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Г. Джармухамбетова |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Кайрушев |