Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 14.03.2018 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi 188-V "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия отырысының 2015 жылғы 6 желтоқсандағы № 2 хаттамасы негiзiнде, аудан аумағындағы елді мекендердің тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Байғанин ауданының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданының аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Ерғалиев тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | М.Аққағазов |