Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 4645 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 14.03.2018 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi 188-V "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия отырысының 2015 жылғы 6 желтоқсандағы № 2 хаттамасы негiзiнде, аудан аумағындағы елді мекендердің тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Байғанин ауданының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин ауданының аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Ерғалиев тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі М.Аққағазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады