"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіті туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3750 тіркелген, 2014 жылы 28 қаңтарда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларындағы:
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек Ырғыз аудандық әкімдігімен бекітіліп, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының Ырғыз аудандық бөлімшесі" ұсынған тізімі бойынша не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша өтініш берушіден өтініш талап етілмей көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Б. СӘДІРХАНОВА |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |