1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 "2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4143 тіркелген, 2015 жылы 20 қаңтарда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
1 тармақтың бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Б. СӘДІРХАНОВА |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |