1. Нұра селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 "Нұра селолық округі Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер селоларының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-142 тіркелген, 2011 жылғы 18 қазандағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауылдық округінің әкімі | Ж. ТӨЛЕБАЙ |