Нұра ауылдық округі Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қыркүйекте № 3-5-142 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 27.03.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Нұра ауылдық округі әкімі Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер ауылдарының тұрғындары конференциясы хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Нұра ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Нұра ауылының көшелеріне:
      Темірбек Жүргенов көшесі;
      Төлеумұрат Кішкентаев көшесі;
      Әбдібек Мәмбетов көшесі;
      Ыбырай Достаев көшесі;
      2) Мамыр ауылының көшесіне:
      Әбу бақсы көшесі;
      3) Дүкен ауылының көшесіне:
      Күркебай Рспанбетов көшесі;
      4) Белшер ауылының көшесіне:
      Серік Сатанов көшесі;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Г.Қалиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауылдық округінің әкімі С. Ұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады