"Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін қөрсету Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 маусымдағы № 295 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 маусымда № 4403 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізіліміне № 3624 тіркелген, 2013 жылғы 15, 22 тамызда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың бірінші және екінші азат жолдары келесідей редакцияда мазмұндалсын:

      "1.Тұрғын үй көмегі Қарғалы ауданы аумағында тұрақты жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын тұлғаларға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға ұсынылады.

      Жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй –жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін - ұстауға жұмсалатын шығыстар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді,бірақ отбасында мүгедек балалары барлар, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 2 пайыз мөлшерінде жылытылатын тұрғын үй көлеміне байланысты төленеді".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Н. Смолинец
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Х. Жылқыбеков

О внесении изменений в решение районного маслихата от 10 июля 2013 года № 126 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным и нуждающимся семьям (гражданам), проживающим в Каргалинском районе"

Решение маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 295. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 30 июня 2015 года № 4403. Утратило силу решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 20 ноября 2017 года № 179

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 20.11.2017 № 179 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Каргалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 10 июля 2013 года № 126 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным и нуждающимся семьям (гражданам), проживающим в Каргалинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3624, опубликовано 15, 22 августа 2013 года в газете "Қарғалы") следующие изменения:

      первый и второй абзацы пункта 1 в приложении указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется лицам, постоянно проживающим на территории Каргалинского района на оплату расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях( квартирах или явлющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов на содержание общего объекта кондоминимума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов, за исключением семей, имеющих детей-инвалидов 1, 2, 3 групп, которым устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 2 процентов".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата Н. Смолинец
      Секретарь районного маслихата Х. Жылкыбеков