Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізіліміне № 3624 тіркелген, 2013 жылғы 15, 22 тамызда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың бірінші және екінші азат жолдары келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"1.Тұрғын үй көмегі Қарғалы ауданы аумағында тұрақты жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын тұлғаларға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға ұсынылады.
Жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй –жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін - ұстауға жұмсалатын шығыстар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді,бірақ отбасында мүгедек балалары барлар, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 2 пайыз мөлшерінде жылытылатын тұрғын үй көлеміне байланысты төленеді".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Н. Смолинец |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Х. Жылқыбеков |