Мәртөк ауданының шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 272 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда № 4455 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 343 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 14.08.2015 № 343 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Қағидасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекiтілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Күзембаева жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Қалауов

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 272 қаулысына 1 қосымша

Мәртөк ауданының шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы

      


  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 272 қаулысына 2 қосымша

Мәртөк ауданының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Мәртөк ауданының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың осы Тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 3 тармағы 3-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балаларды тасымалдау Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
      4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      5. Автобустармен балаларды тасымалдау балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге ата-аналардың жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылармен жүзеге асырылады.
      6. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерiн, маршрутын, мезгiлдерiн, жол жүрудi дайындау және өткiзу тәртiбiн, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды анықтай және регламенттей отырып, бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiм ресiмдейдi.
      7. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
      Күзгi-қысқы кезеңде алаңшалар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
      8. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      9. Балалардың топтарын 22:00 ден бастап 06:00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр) рұқсат етілмейді.
      10. Балаларды тасымалдау үшiн келесі жүргiзушiлер жіберіледі:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес;
      2) тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi бар;
      3) бес жылдан кем емес жүргiзушiлік жұмыс өтiлi, оның ішінде мүмкіндігінше автобустың жүргiзушiсi ретiнде үш жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар.
      11. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
      1) 60 км/сағат артық жылдамдықпен жүру;
      2) маршрутың бағытын өзгерту;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдау;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығу;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыру;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кету немесе көлiк құралын қалдыру.
      12. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      13. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      14. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте жеткiзедi.
      15. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

3. Қорытынды

      16. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Мартукского района

Постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 10 июля 2015 года № 272. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 05 августа 2015 года № 4455. Утратило силу постановлением акимата Мартукского района Актюбинской области от 14 августа 2015 года № 343

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мартукского района Актюбинской области от 14.08.2015 № 343.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", пунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему и порядок перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Мартукского района согласно приложениям 1, 2.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кузембаева Б.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Калауов

  Приложение 1 к постановлению акимата Мартукского района № 272 от 10 июля 2015 года

Схема перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленном пункте Мартукского района

      


  Приложение 2 к постановлению акимата Мартукского района № 272 от 10 июля 2015 года

Порядок перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Мартукского района 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Мартукского района (далее – Порядок) разработан в соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", а также в соответствии с Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 (далее – Правила).

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями Правил и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      4. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      5. Перевозки детей автобусами осуществляются перевозчиками на основании письменных заявок родителей услуг по перевозке детей.
      6. Перед выполнением перевозок заказчик оформляет решение об организации перевозки детей приказом, определив и регламентировав в нем обязанности должностных лиц, руководителей групп, сопровождающих, маршрут, сроки, порядок подготовки и проведения поездки, мероприятия по обеспечению безопасности детей.
      7. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      8. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      9. Перевозка групп детей автобусами в период с 22:00 до 06:00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь) не разрешается.
      10. Для перевозки детей допускаются следующие водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет;
      2) имеющий водительское удостоверение соответствующей категории;
      3) имеющий стаж работы водителем не менее пяти лет, из них желательно в качестве водителя автобуса не менее трех лет.
      11. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:
      1) следовать со скоростью более 60 км/час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      6) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.
      12. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса, во время остановок.
      13. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя.
      14. Сопровождающие подводят детей к месту посадки в организованном порядке.
      15. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.

3. Заключение

      16. Отношение не урегулированные настоящим порядком перевозки в общеобразовательные школы детей регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан