1. Қаратоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Қаратоғай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 "Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-64 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
Кіріспедегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "переулки" сөзі "и переулкам" сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қаратоғай ауылы көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
Бейбітшілік, Байтұрсынов, Елек, Вокзал, Бірлік, Келешек, Кеңдала және тұйық көшелерге Элеватор, Нұрлы, Жасыл, Болашақ, Достық, Жеңіс, Жастар, Үміт, Жаңа құрылыс, Еңбекші, Бірлесу, Бұлақ, Жерлестер.";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2) Қаратоғай селолық округі әкімінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратоғай ауылдық округінің әкімі | Д. Боранқұл |