Қаратоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 4223 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қаратоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаратоғай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 "Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-64 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      Кіріспедегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "переулки" сөзі "и переулкам" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қаратоғай ауылы көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      Бейбітшілік, Байтұрсынов, Елек, Вокзал, Бірлік, Келешек, Кеңдала және тұйық көшелерге Элеватор, Нұрлы, Жасыл, Болашақ, Достық, Жеңіс, Жастар, Үміт, Жаңа құрылыс, Еңбекші, Бірлесу, Бұлақ, Жерлестер.";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Қаратоғай селолық округі әкімінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратоғай ауылдық округінің әкімі Д. Боранқұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады