Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.06.2017 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 190 "Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4016 санымен тіркелген, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтік ставкалары белгіленсін".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | С. Нұрбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Б. Бисекенов |