Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторының 2015 жылғы 28 қазандағы № 15-4/191 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінде орналасқан "Даулет" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім аппаратының бас маманы А.М.Баймешовке жүктеймін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданы | |
Құдықсай ауылдық округінің әкімі | Н.С.Изтлеуов |