Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Көктау селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Көктау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 12 "Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-107 тіркелген, 2009 жылы 29 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 каулысмен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" 3.2.тармағына" сөздері алынып тасталсын.
2.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктау ауылдық округінің әкімі |
С.Бердалин |